Авторы Джулия Дональдсон, иллюстратор Аксель Шеффлер

Жылы: 2019

Мұқаба: жұмсақ мұқаба

Өлшемі: 216х270х5, 24 бет

Қағаз: офсет

ISBN: 9789997834126

 

Груффало – әлемдегі ең сүйікті құбыжықтардың бірі. Ол туралы кітап 1999 жылы жарық көрді. Содан бері оның қалың, қараңғы орманда кішкентай тышқанмен кездесуі жайлы оқиғасы бүкіл әлемдегі балалар мен ересектерді қуантып келе жатыр. Груффало жайлы түсірілген мультфильм “Оскар” және BAFTA (British Academy film awards) сыйлықтарына ұсынылып, театр сахналарында да қойылған. Күлкілі де қызық, тақпақтап жазылған “Груффало” ертегісін танымал журналист, шығыс-танушы, Оксфорд университетінің түлегі Ғалым Боқаш қазақ тіліне аударған. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, ертегінің тілі жеңіл, баланың қабылдауына оңай. Ертегінің оқиғасы құйттай тышқанның құбыжық Груффалоны ойдан шығаруы, сол арқылы ормандағы жауларын қорқытқаны туралы. Ең қызығы, тышқан ойынан шығарған құбыжық Груффалоны орманда кездестіреді.

Ертегі авторы Джулия Дональдсон – Ұлыбританиядағы қазіргі ең танымал жазушылардың бірі, 160-қа жуық кітабы бар. Оны Англияда “Қазіргі балалар әдебиетінің Шекспирі” деп те айтады. Кітапты көркемдеуші Аксель Шеффлер – әлемге танымал иллюстратор.

Груффало

2 490,00₸Цена