• Инноватор бол

 

Автор Йориш Ави

ISBN 978-601-06-6859-1

14+

Жылы 2020

Өлшемі: 210x148x14 мм, 236

Мұқаба: жұмсақ

Тілі: қазақ

 

«Инноватор бол» кітабы дүниежүзіндегі миллиардтаған адамның тірлігін түбегейлі өзгертіп жатқан таңғажайып израильдік инновациялар туралы сыр шертетін очерктерден құралған. Израильде тұратын түрлі дінді ұстанатын өнертапқыштар әлемді жақсырақ ете түсуге неліктен ұмтылатынын сөз қылады. Израильдіктер неліктен ашты тойындырып, ауруды сауықтырып, қорғансызға қалқан болып, шөлді гүлге бөлегісі келетінінің сырын ашады. Дүниенің алпауыт елдерімен салыстырғанда тырнақтай ғана ел Израиль бұл қиындықтарды еңсеруде жерасты байлығына не мол қазынасына емес, ұлттың өзегіндегі «тиккун аламға» – әлемді жақсартудың израильдік тұжырымына сүйенеді. Израильдегі сан алуан стартаптар «Стартаптар елінде» (Start-Up Nation) сипатталғаннан кейін, «Инноватор бол» кітабында израильдік жаңалықтар әлемді қалай жақсартып жатқаны туралы хикаялар баяндалады. Израильде адамды таңғалдыратын өнертабыстардың бәріне ортақ ұмтылыс – адамды ажалдан арашалау және асқақ мақсаттарға қол созу ниеті біріктіріп отыр. Әлемнің бәрінен қараңғы бөлігінде бұл хикаялар – жарық сәулесі.


 

Автор туралы: Ави Йориш – кәсіпкер әрі Таяу Шығыс бойынша сарапшы. Амери- каның сыртқы саясат кеңесінің аға ғылыми қызметкері және АҚШ ау- мағында клиенттерге қызмет көр- сететін комм