Дамытушы пазл – балаларға арналған қызықты басқатырғыш-ойын. Пазлдың арқасында баланың логикалық ойлауы, қолының ұсақ моторикасы және қиялы дамиды. Жинақта барлығы 41 бөлшек, оның ішінде фермада тіршілік ететін жануарлардың 20 жұп пазлы бар. Бала оларды ашқанда сиыр, доңыз және тағы басқа жануарлардың төлдерімен танысады. Ортадағы пазлды бөлшектей немесе жинай отырып, жаздан кейін қай мезгіл келетінін біледі.

«Жануарлар мен төлдер» пазлы

2 990,00₸Цена
  • 220х335 мм