Әпкелі-сіңлілі Раушангүл мен Қаршагүл – бір-біріне мүлдем ұқсамайтын. Соған қарамастан олар өте тату болды. Қыздар ата-анасымен ормандағы үйлерінде мамыражай өмір сүріп жатты. Бір күні кеште есік қағылды. Есікті ашқан Раушангүлдің алдынан жылыну үшін үйге кіргізуін өтініп сұраған үлкен сабалақ аю тұрды. Алғашында абдырап қалғанымен, кейіннен аюға сүйсінген олар аюға жатын орын беріп, қыстың аязды түндерінен қорғады. Сүйкімді аюға бауыр басып қалған қыздар көктем келгенде онымен қимай-қимай қоштасты. Аю кеткен соң олар жаңа таны